
Құрметті сайт қонақтары!
Біздің сайт сіздерге кешкі мектептің жұмысы, оқушыларды қабылдау ережелері, кеңес беру сабақтарының кестесі туралы ақпаратты тезірек және оңай алуға көмектесуге арналған. Кешкі мектептің педагогикалық ұжымы үнемі кәсіби ізденісте, педагогтар инновациялық жобалар мен эксперименттік іс-шараларға қатысады, жұмысшы жастарды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасайды. Біздің ғаламтор желісіндегі парақшамызда сіздер мектеп қызметінің басым бағыттары туралы біле аласыздар ; мектеп жаңалықтарымен танысуға, конференциялар, ата-аналар дәрістері және оқушылар мен педагогтарға арналған басқа да іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар. Сондай-ақ біз сіздерге тек педагогикалық ұжымның ғана емес, оқушылардың өздерінің де жұмысын көруге мүмкіндік бергіміз келеді. Біз сіздерді қызықтырған барлық сұрақтарға «Кері байланыс» айдарында жауап беруге дайынбыз. Сайт біздің оқу орнымыздың қалай өмір сүретінін білгісі келетіндердің барлығына арналған. Ол сіздер үшін жасалады, құрметті ата-аналар, оқушылар жай сайт қонақтары.
Құрметпен, мектеп директоры Дюсембаев Е.М.
Байланыс телефон: 8(71643)25591
Қабылдау күндері:
Дүйсенбі: 16:00-18:00
сәрсенбі:16:00-18:00
Жұма:16:00-18: 00.